+

Әлеуметтік жауапкерщілік

ТЕК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАНА ЕМЕС, ШЫНАЙЫ БЕРІЛГЕНДІК

Біз үшін әлеуметтік жауапкершілік қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамуына қосқан ерікті үлес қана емес, сондай-ақ бұл компанияның іскерлік беделінің көрсеткіші болып табылады.

Демеушілік көмек

ҚҚС қай өңірде жобаларды іске асыруына қарамастан, қоғамға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тығыз байланыста.ҚҚС компаниялар тобының қызметіндегі 10 жыл ішінде біз 100 астам демеушілік жобаларды іске асырды.

Біз қоғамның әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына ерекше көңіл бөлеміз, атап айтқанда, жетім балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, қарт кісілер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар.  ҚҚС қайырымдылық қорларына, балалар үйіне, медициналық мекемлеріне, мектепке дейінгі ұжымдар мен мектептерге, сондай-ақ көмекке зару жеке тұлғаларға мақсатты демеушілік көмек көрсетеді:

  • Ақтөбе облысы Мұғалжар аудан әкімдігіне жылыту мерзіміне әзірлік жұмыстарын жүргізу мақсатындағы демеушілік көмек
  • Халықаралық әуесқой бокс бірлестігіне демеушілік көмек (AIBA)
  • Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы үшін волейболдан жарысты өткізуге демеушілік көмек
  • Жамбыл облыстық футбол қайырымдылық көмек
  • Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 65-жылдығына арналған іс-шараларды өткізуде КАЗЭНЕРДЖИ-ге демеушілік көмек
  • «Аяла» қайырымдылық қорына медицинал құрал-жабдықтарды сатып алуда көмек 
  • Абхалис Кәрімұлы мешітіне қамқорлық көрсетуге арналған Қазақстан мұсылмандарының рухани бірлестігінің филиалына материалдық көмек
  • Жамбыл аудандық қызыл жарты ай қоғамына материалдық көмек
  • ҚР Президентінің Жарлығы аясында «ПАРЫЗ» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және «АРДАГЕР» Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету қорына қайырымдылық көмек
  • Совет Одағының батыры Б. Момышұлының 100-жылдық мерей тойына орай Бауыржан Момышұлы қайырымдылық қорына қайырымдылық көмек.
  • Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 65-жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетуде Рақымшылдық қоғамдық қорына қайырымдылық көмек
  • Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылындағы су тасқынына зардап шеккендерге Жансүгіров қоры арқылы қайырымдылық көмек 
  • Сәбидің емделуіне арналған Ерікті Қайырымдылық Қоғамы АҚ-на қайырымдылық көмек (диагноз – екі көз шарасындағы ісік)
  • ҚҚС Петрон Үндістан, Шығыс Делиде, Манасаровар паркінде үйлері теміржолмен бұзылған үйсіз жандарға көрпе таратты.

1.5 Миллиард АҚШ Доллары
Табыс
25000
Жұмыс күші
$2 Миллиард АҚШ Доллары
Тапсырыс базасы
$375 Миллион АҚШ Доллары
Жабдықтар
17
Ұлт
10
Мемлекет