+

Бас атқарушының жолдауы

Соңғы онжылдықтағы қарқынды өсуге қарамастан, өзімізді жобалау, жабдықтау және құрылыс (ЕРС) жөніндегі аса білікті және әлем мойындаған компания ретінде қызмет көрсеткен салаларда бұдан әрі өсу мен табысқа жетуді көздейміз.Кемелдікке жету жолында батыл іскерлік шешімдерді қабылдадық, сонымен қатар қызмет көрсетуге қойылатын талаптар қатал болатын салаларда жаңа стандарттарды орнаттық. Мұндай сенімділік еркін ойлауды қолдау мәдениетімен және инновацияны жаңа дәрежеге көтеру арқылы туындап отыр. Біздің компаниядағы талантты мамандарды үздіксіз оқыту және дамытудағы еркеше мүмкіндігіміз әрбір адамға жеке тұлға ретінде де, маман ретінде де әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді. Түрлі тәсілдерді ашық қабылдау және кадрларды шебер қабылдау саясаты бізге ең мықты мамандарды тартуға көмектеседі. Тапсырыс берушілердің үмітін асыра орындау мақсатында олармен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз. Сенімді серіктес және мердігер ретіндегі белсенді роліміз тапсырыс берушінің талаптарын орындауға берілгендігіміздің айғағы болып табылады. Әлемдік қызмет көрсету аясын кеңейтуге бағытталған дайын бастамалардың болуы біздің компаниямыздың бұдан да үлкен табысқа жете алатындығына зор сенім тудырады. Көз қарастардың алуан түрлілігі мүмкіндіктерді көруге және де біздің стратегиямыздың жаңа нарыққа шығуына жағдай жасайды.Компания ретінде біз ең қатал сынақтарға дайынбыз, қиын жағдайлардан жаңа мүмкіндіктер көреміз. Тапсырыс берушілер үшін сенімді серіктес бола отырып, сіздің мақсатыңызды өз мақсатымыздай көріп, оның орындаулының әрбір кезеңіне жауапкершілікті өз мойнымызға алатындығымызды сеніммен айта аламын.

Рақмет,
Панкадж Джайн


1.5 Миллиард АҚШ Доллары
Табыс
25000
Жұмыс күші
$2 Миллиард АҚШ Доллары
Тапсырыс базасы
$375 Миллион АҚШ Доллары
Жабдықтар
17
Ұлт
10
Мемлекет